Алматыда жантүршігерлік жол апатынан әйел мен оның кішкентай қызы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан әйел мен оның кішкентай қызы қайтыс болды

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан әйел мен оның кішкентай қызы қайтыс болды

Алматыда көлік апатында анасы мен 3-4 жастағы қыз бала қаза тапты.

  • 14 Наурыз 2018
  • 112
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, Audi автокөлігі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта кетіп бара жатып, бар жылдамдығымен келіп жүк көлігіне соғылған. Жолда тұрған жүк көлігінде арнайы ескерту белгісі ілініп тұрған.

Бастапқы болжам бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі жүк көлігін кеш байқағандықтан автомобилді тежеп үлгермеген. Қазір жол апатының себеп-салдарын полиция анықтап жатыр.

Апат салдарынан жас әйел мен оның кішкентай қызы қайтыс болса, тағы бір жол жұмысшысы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. 


Оқи отырыңыз:

Халық Төреғалидың концертіне қарсы шықты

Бүгін – Көрісу күні

Соңғы жаңалықтар