Алматыда жаппай төбелес ұйымдастырған екі білім ордасының студенттері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жаппай төбелес ұйымдастырған екі білім ордасының студенттері ұсталды

Алматыда жаппай төбелес ұйымдастырған екі білім ордасының студенттері ұсталды

Алматыда тапа-тал түсте төбелескен жасөспірімдер ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 19 Наурыз 2015
  • 583
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, Алматыда Қазыбек би — Досмұхамедов көшелерінің қиылысында бір топ жастардың төбелесі бейнекамераға түсіп қалған болатын. Кейін белгілі болғандай, жанжалдасқандар медициналық колледж бен Алматы гуманитарлық техникалық университетінің студенттері болып шықты.

Қалалық полиция көшеде жаппай төбелес шығарған жастардың әрекетін тексерді. Олардың әрекеті ҚР ҚК 293-бабының 2-тармағы (бұзақылық) бойынша бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне тіркелді.

«Қазір осы факті бойынша 3 жасөспірім ұсталды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тексеру барысында төбелестің неден ушыққаны анықталады. Айта кетейік, бұл жанжалдан ешкім жапа шеккен жоқ», — деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы Асқар Болатов.