Алматыда жасөспірімдер оқ салынған орама тауып алды
Алматыдағы Мұстафин және Рысқұлбектов көшелерінің қиылысында жасөспірімдер өте көп мөлшерде оқ салынған орама тауып алды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі хабарлады. |
Агенттік баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жол қиылысындағы жол белгісінің жанынан жасөспірімдер 5,45 мм-лік 564 оқ тауып алған. Оқ салынған дорба тексеру мақсатымен Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына тапсырылды.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында авиациялық снарядқа ұқсас зат табылған. Оның ұзындығы 110 см, диаметрі 133 мм-ді құрайды. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік ақпаратына сәйкес беймәлім зат табылған жерге облыстық әскери комиссариат өкілдері жіберіліп, сол өңір қоршауға алынды. Тексеру жүргізілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін