Бұл қаладағы жоғары оқу орындары студенттері арасынан жұптық сырғанаудан әуесқой мәнерлеп сырғанаушылар бақ сынайтын мұз айдынында өтетін шоу-жарыс, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бес ай бойы 11 жұп студент жаттықтырушы – спорт шебері, Қазақстан чемпионы, Азия жарыстарының чемпионы Регина Глазманның жетекшілігімен шоу-жарысқа қатысу үшін күнделікті дайындықтан өтті.
Шоу билеттері 5000 теңгеден басталады. Билет сатып алу арқылы көрермендер «Жастар – таза ауа үшін» қайырымдылық акциясына өз үлесін қосады.
Жиналған қаржы Алматының Түрксіб ауданындағы әлеуметтік жағынан осал отбасылардың 20 үйін газбен жабдықтауға жұмсалады.
Көмір жағудан болатын ауаның ластануы адам денсаулығына орасан экологиялық қауіп төндіреді. 2019 жылы Алматы әлемдегі экологиялық қауіпті 100 қаланың қатарына кіріп, 95-ші орынға ие болды.
Атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың көлемін азайтуға және қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестеріңізді қосуға атсалысыңыздар