Жарияланды: 20

Алматыда жеке тұрғын үй мен үш көлік өртке оранды

Алматыда жеке тұрғын үй мен үш көлік өртке оранды

"Тау самалы" шағын ауданында таңға жуық жойқын өрт болған

Алматының "Тау самалы" шағын ауданындағы жеке секторда өрт болды, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, жеке тұрғын үйдің шатыры, шаруашылық қора-жай, екі микроавтобус пен бір жеңіл көлік өртеніп жатты. Микроавтобустардың түгі қалмай жанып кеткен.

Өртену аумағы 150 шаршы метр болды. Өрт сөндіру жасағы дер кезінде келгендіктен, жақын маңда орналасқан үйлерді жалын шарпыған жоқ. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді.

Төтенше жағдайлар департаменті өрттің себебін анықтап, шығынды есептеуі тиіс.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін