Алматыда Жетісу-Әшімбаев көшелерінің қиылысында құбыр жарылып, 5 метрлік фонтан атқылады
![]() |
Алматыда Медеу ауданында Жетісу-Әшімбаев көшелерінің қиылысында құбыр жарылып, 5 метрлік фонтан атқылады. Бұл ақпаратты «Алматы су» МКК ресми өкілі Серік Шағыров растады. |
Әзірге жол қозғалысы шектеле қоймаған. Оқиға орнында «Алматы су» МКК Медеу аудандық пайдалану учаскесінің жөндеу бригадасы жұмыс жасап жатыр.
«Су құбырында апатты жағдай орын алған. Өрт гидрантының құрылғысы істен шығып, су қысыммен атқылаған. Соның салдарынан бірнеше үй 1 сағаттай суық сусыз қалды», - деді Серік Шағыров.
Апатты жағдайды қалпына келтіру үшін өрт гидрантындағы қалдық су түгел ағызылды.
Оның айтуынша, қазір апатты жағдай жөнделді. Жақын маңдағы үйлердің бәріне су берілді.

Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін