Алматыда жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы табылды

Алматыда жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы табылды

Алматыда жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы Ангелина Филатова дін аман табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2017
  • 358
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты еріктілер қоғамының өкілі Ислам Угушев Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді. Қызды полиция қызметкерлері тауып алған. «Қызым аман-есен. Полицияға, журналистерге үлкен рахмет», — деді анасы Марина.

Айта кету керек, 8-сынып оқушысы №9 шағын аудандағы №5 мектептен таңертеңгі сағат 11:00 шамасында шығып кеткен. Содан қайтіп үйіне оралмаған. Бұған дейін Тұздыбастаудан Алматыға шыққан 18 жастағы қыз Назерке Әріп жоғалып кеткен болатын. 1,5 айдан соң Назеркеге ұқсас қыздың мәйіті Кеңсай жақтағы зираттан табылды. Полиция арнайы сараптама тағайындады. Нәтижесі 12 қыркүйекте белгілі болады.



 

Соңғы жаңалықтар