Алматыда жол қозғалысы шектеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жол қозғалысы шектеледі

Алматыда жол қозғалысы шектеледі

Алматыда бүгін-ертең Шығыс айналма автомобиль жолының солтүстік бағыттағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

  • 13 Тамыз 2014
  • 379
Фото - Caravan.kz


    Бұл туралы қалалық автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады. 

«13 тамыздан түнгі 23.00-ден 14 тамыз 06:00-ге дейін шығыс айналма автомобиль жолының солтүстік бағыттағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылып, жол қозғалысы Достық даңғылы және Диваев көшесі арқылы ұйымдастырылады», делінген хабарламада.

Уақытша қиыншылық Төле би көшесін ұзарту, көлік жолайрығының конструкцияларын жинақтау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты туындап отыр.