«Алматыда жылына 3-4 мектеп күшейтіледі. Ал қаладағы мектептердің саны 300-ден асады. Ауруханалар мен балабақшалардың жағдайы да осы тәріздес. Ал Алматы облысының жағдайы тіптен нашар. Ондағы мектеп саны 800. Соған қарамастан жылына бар-жоғы 3 мектеп күшейтіледі», — деп мәлімдеді М. Әшімбаев.
Ол әлеуметтік-маңызы бар нысандардың төзімділігін арттыру мәселесін әрі қарай мемлекеттік билік органдарына жөнелту үшін семинардың резолюциясына жазып қоюды ұсынды. «Төзімділігі төмен ғимараттар не бұзылуы керек, не күшейтілуі керек. Біз бұны неғұрлым жылдам жасасақ, соғұрлым аз шығын тартамыз. Мысалы, Өзбекстанды алайық. Онда бүкіл республика бойынша мектептердің төзімділігін арттыру бағдарламасы жасалынды. Және бірнеше жылдың ішінде олар мектептердің жартысын күшейтіп үлгерді. Ал олардың мектептерінің саны біздікінен әлдеқайда көп екені белгілі», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті