Алматыдағы гидрометеорологиялық және сейсмикалық ахуалға 19 маусымға қысқа мерзімді болжам - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы гидрометеорологиялық және сейсмикалық ахуалға 19 маусымға қысқа мерзімді болжам

Алматыдағы гидрометеорологиялық және сейсмикалық ахуалға 19 маусымға қысқа мерзімді болжам

Алматы. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мен Алматы облысындағы 19 маусымға қысқа мерзімді болжамға сәйкес, гидрометеорологиялық және сейсмикалық ахуал норма деңгейінде сақталады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚКК ақпаратына сілтеме жасап.

  • 19 Маусым 2008
  • 399
Фото - Caravan.kz

Күн райының болжамына сәйкес, Алматыда ауыспалы бұлтты, жаңбыр жаумайды. Желдің жылдамдығы секундына 0 — 5 метр. Ауаның температурасы түнде — +15 — +17 0С, күндіз — +28 — +30 0С.

«Қазселденқорғау» МБ ақпаратына сәйкес, сел және көшкін ахуалы тыныш. Есентай және Кіші Алматы өзендеріндегі су шығыны (теңіз деңгейінен 1270 метр биіктікте) — секундына 2,44 текше метрге тең (кіші Алматы өзеніндегі қауіпті деңгей — секундына 12 текше метр, Есентай өзенінде — секундына 19 текше метр), Үлкен Алматы өзенінде (теңіз деңгейінен 1350 метр биіктікте) -секуындына 1,20 текше метр (қауіпті деңгей — секундына 19 текше метр).

Орталық сейсмикалық станция мен «Прогноз» ҒӨК мәліметінше, сейсмикалық ахуал да тыныш.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті