Алматы маңындағы Шымбұлақ тау шаңғысы курортының маңында бес рет қар көшкіні жүріп өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Расталмаған мәлімет бойынша, оқиға салдарынан бір адам қаза тапқан.
Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына жөнелтілді.
"Иә, Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы мен кинологиялық топ оқиға орнына жетті. Әзірге қосымша ақпарат жоқ", — деді баспасөз қызметі.
Мәлімет нақтыланып жатыр.