Алматыдан Атырауға ұшып шыққан ұшақ Таразға шұғыл қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдан Атырауға ұшып шыққан ұшақ Таразға шұғыл қонды

Алматыдан Атырауға ұшып шыққан ұшақ Таразға шұғыл қонды

Алматыдан Атырауға ұшып шыққан "Бек Эйр" ұшағы Таразға шұғыл қонды

  • 20 Ақпан 2018
  • 214
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 

Әуе оқиғасы бүгін, 20 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 07:20-да болды. Bek Air әуекомпаниясының бас директоры Сырым Омаржанов 2105 рейсіндегі Алматыдан Атырауға шыққан ұшақ салонында қысым көтерудің жоғалып кеткенін хабарлады. Оның айтуынша, алдын ала болжам бойынша, ұшақтың Таразға қонуына саңылаудың пайда болуы себеп. 

"20 ақпанда 07:20-да Тараздағы "Әулие-ата" әуежайына Bek Air әуекомпаниясының Fokker-100 ұшағы шұғыл түрде қонды", — деді дереккөз.  

 


 

Posted by Denis Krivosheyev on Monday, February 19, 2018

Әуекомпания бас директорының мәліметінше, ұшақта 100-ден аса жолаушы болған, оның ішінде екеуі — бала. Омаржанов жолаушылардың Атырауға ұшып кеткенін айтты.

Ол осы оқиғаны мамандардың тексеретінін айтты.
 

Соңғы жаңалықтар