Алматыдан екі күн ішінде 11 мың текше метр қар шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдан екі күн ішінде 11 мың текше метр қар шығарылды

Алматыдан екі күн ішінде 11 мың текше метр қар шығарылды

Алматының коммуналдық қызметі өткен екі күн ішінде 11 мың текше метр қар шығарған. Бұл шамамен 1100 көлікке жүк болыпты.

  • 1 Сәуiр 2015
  • 261
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін айтылғандай, жексенбі күнгі жаңбырдың соңы қарға ұласқан еді. Жерге түскен ақ ұлпаның қалыңдығы қала ішінде 35 сантиметрді құраса, таулы аймақта жарты метрден асқан. Тосыннан жауған қармен алысқан коммуналдық қызмет қала көшелеріне 36 тонна тұз бен 5 мың тонна арнайы құм шашып шықтық деп отыр. Мыңнан астам адам мен 500 техника жұмылдырылған. Ал ауа-райын болжаушылар алдағы күндері жауын-шашын болмайтынын хабарлады.