Жарияланды: 440

Алматыға кеткен СҚО тұрғыны хабар-ошарсыз жоғалды

Алматыға кеткен СҚО тұрғыны хабар-ошарсыз жоғалды

СҚО Қызылжар ауданы Ішкі істер бөлімі хабар-ошарсыз кеткен 25 жастағы Дархан Махметовке іздеу салады.

«СҚО Қызылжар ауданы ішкі істер бөлімі СҚО Қызылжар ауданы Петерфельд ауылының тұрғыны (26.06.1990 ж.) Махметов Дархан Сырымбетұлын іздестіруде. Ол 2014 жылғы 13 қыркүйекте Алматы қаласына кеткен, күні бүгінге дейін оның қайда тұратыны, қайда екені  белгісіз. Бұдан бұрын да үйден жиі кетіп отырған», - деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Белгілері: бойы 165-170 саниметр, арықша келген, шашы қысқа, кеудесінде отадан қалған тыртығы бар.

Көбінесе спорттық киімдер киеді.

Д.Махметов жайлы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, полицейлер  мына: СҚО ІІД  кезекші бөлімі (7152) 39-40-07, 39-40-37, 102, Қызылжар ауданы ІІБ кезекші бөлімі (71538) 2-17-02, 2-26-71 телефондарға қоңырау шалуын өтінеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін