Жарияланды: 890

Алматылықтар ғарышкер Айдын Айымбетовты қарсы алуға автоэкспедицияға шықты

Алматылықтар ғарышкер Айдын Айымбетовты қарсы алуға автоэкспедицияға шықты

 Алматыда «Аққан жұлдызды тап» экстрим-экспедициясы жолға шықты. 2 көліктен тұратын экспедиция 12 қыркүйекте ғарыштан жерге түсетін Айдын Айымбетов пен Андреас Могенсонды қарсы алмақ.

 

Бастама авторлары «Союз-ТМА» ғарыш кемесінің Қарағанды жерінде жерге қону сәтін, экипаж мүшелерін суретке түсіруді көздеп отыр. 

Экспедиция мүшелері Қазақстанның 1500 шақырым жолды Тойота Фортунер көлігімен жүріп өтпек. Үш күн ішінде 8 қатысушы Балқаш, Жезқазған, Қарағанды қалаларын аралап шықпақ.

Автоэкспедиция вКонтакте және Facebook парақшаларында жарияланбақ. Ресми хэштегі: #AidynARBtrip
«Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин алаңынан 2 қыркүйекте сәтті ұшырылды
Халықаралық ғарыш стансасына аттанған негізгі экипаж құрамында ресейлік ғарышкер Сергей Волков (командир), Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсен мен Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов бар.
Ғарыш кемесі стансамен 4 қыркүйек күні халықаралық ғарыш стансасымен сәтті түйісті.
ХҒС-да оларды ресейліктер Геннадий Падалка, Михаил Корниенко мен Олег Кононенко, америкалық астронавтар Скотт Келли мен 
Челл Линдгрен, сондай-ақ жапон астронавты Кимия Юи қарсы алды.
Кеме командирі Сергей Волков орбитада 188 тәулігін өткізсе, отандасымыз бен даниялық ғарышкер 2 күннен соң жерге оралады. 
Айта кетсек, орбитада отандасымыз қазақстандық ғылым үшін бірқатар сынақ жүргізеді, соның ішінде радиацияның миға әсерін зерттейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін