Жарияланды: 500

Алматының 1 мыңнан астам тұрғыны Медеу шатқалын тазарту сенбілігіне шығады

Алматының Алатау ауданының 1 мыңнан астам тұрғыны Медеу шатқалында дауыл құлатқан ағаштарды тазарту сенбілігіне шығады, деп қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Әкімшілік хабарлауынша, сенбі күні сағат 10-да басталатын акция арқылы «Алатау ауданының тұрғындары аталған шараны өткізе отырып, Алматы қаласы мен жалпы еліміздің экологиясына едәуір зиян келтірген табиғат апатының зардаптарын жоюға деген өздерінің ізгі ниеттерін білдіреді». Бұл игілікті шараға Алатау ауданының1000-нанастам тұрғынықатыспақ. Құлаған ағаштарды тасымалдаумен 40арнайы техника айналысатын болады. Бұрын хабарланғандай, 17 мамырда 19:31 сағатта Алматыда дауыл өтуі себепті күшті жауын мен диаметрі 8-9 мм болатын бұршақ жауып, желдің екпіні 25 м/с болды. Қала әкімшілігінің мәліметтерінше, Алматы маңында дауыл құлатқан орман ауданы 480 гектардай болды. Зақымданған ағаштардың жалпы көлемі 97 мың текше метр болды. Алматыда нөсерлеткен күшті желден ондаған ағаш құлап, жеке автокөліктерді зақымдады. 3 маусымда Алматы әкімі Ахметжан Есімов өткізген кеңесте АШМ-нің шенеуніктері мен ғылыми-зерттеу институттарын қатаң сынға алып, Алматы облысында ғы Іле-Алатау ұлттық бақта дауыл құлатқан ағаштар қаланың экологиялық қауіпсіздігіне қатер төндіретіндігін мәлім еткен. Сондай-ақ, ол ағаш қабығымен қоректенетін қоңыздардың кесірінен инфекция ошақтарына айналған бұл ағаштар тау өзендерінің арналарын бөгеп тастап, сел тудыруы мүмкін екенін айтты. Әкімдіктің мәліметтеріне сәйкес, Алматының айналасында дауыл желден зардап шеккен орман алқабының жалпы аумағы 480 гектарды құрайды. Құлаған ағаштардың жалпы көлемі 97 мың текше метрге тең. Сонымен қатар ҚР АШМ орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев 17 мамырында Медеу шатқалы мен Алматы облысындағы Іле-Алатау ұлттық бағының аумағында дауыл құлатқан 96 мың текше метр ағаштың бар болғаны 1372 текше метрі ғана жиналды(шамамен 1,4%-ға жуығы) деп мәлім еткен. Комитет басшысы жұмысқа кедергі келтіріп отырған басты проблемалардың ішінен ауа райының күрделі жағдайларын, арнайы техника мен мамандардың жетіспеушілігін, кадрлардың тоқталмауын және жеткіліксіз қаржыландыруды атады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін