Жарияланды: 590

Алматының ауданаралық соты Қазақстан коммунистік партиясының жұмысын тоқтатты

Елімізде коммунистердің саны едәуір қысқарды. Алматының ауданаралық соты Қазақстан коммунистік партиясының жұмысын тоқтатты. Сот шешіміне сәйкес, саяси ұйым таратылып, 17 жыл қызмет еткен партия жабылды.

Сот партиядағы 38 мың адам санын жеткіліксіз деп таныпты. Өйткені, саяси ұйым қызметін жалғастыру үшін онда кемі 40 мың қол жұмыс істеуі керек екен. Ал, компартия басшылығы болса соттың мұндай шешімінен саяси астар іздеп отыр. Өйткені, партия белсенділері бұған дейін талай рет қарсылық шарасын ұйымдастырғанда сот тарапынан қысым көріпті. Сондықтан апелляциялық шағым түсірмек. Десе де, қазірдің өзінде әр облыстардағы партия филиалдары жабылып жатыр. Ал, елімізде ресми түрде Қазақстан коммунистік халық партиясы ғана қалмақ. Владислав Косарев бастаған «қызылдар» Мәжілісте де отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін