Алматының бір ауданында үш емдеу мекемесі салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының бір ауданында үш емдеу мекемесі салынады

Алматының бір ауданында үш емдеу мекемесі салынады

Алматы қаласының Наурызбай ауданында 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана мен 1 дәрігерлік амбулатория салынады.

  • 11 Мамыр 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде құрылыс медициналық қызметтердің сапасын арттыратынын айтты.

«Құрамыс шағынауданындағы бірінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Қазан айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын аламыз деп ойлаймын. Қаржының бөлінуіне қарай құрылысты 2024 жылдың I-ші тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз», — деді ол.

Сонымен қатар, ол екінші емхана бойынша Шұғыла шағынауданында жобалау ұйымымен шарт жасалғанын атап өтті.


«Осы жылдың IV-ші тоқсанында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу көзделіп отыр, құрылыс 2024 жылдың көктемінде басталады. Бұған қоса, Ақжар шағынауданындағы 200 орындық дәрігерлік амбулатория бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Құрылыс шамамен 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталады»,- деді Ерболат Досаев.