Алматының Халықаралық әуежайында кезекті рет валюта контрабандасының жолы кесілді
3 қараша күні Алматының Халықаралық әуежайында қалалық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері валюта контрабандасының жолын кесті. |
«Алматы-Душанбе» бағытындағы авиарейсті рәсімдеу кезінде Тәжікстан азаматынан кеден органында декларацияланбаған 33 700 АҚШ доллары табылды.
Бұған дейін «Алматы - Үрімші» әуе рейсімен ҚХР-ға 32 580 АҚШ долларын алып шықпақ болған ҚР азаматының шетел валютасын заңсыз алып шығу әрекетіне тосқауыл қойылған болатын.
Аталмыш фактілер бойынша Алматы қалалық кедендік бақылау департаменті тергеуалды тексерістерді жүргізуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін