Алматының жергілікті полиция басшысы қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының жергілікті полиция басшысы қызметінен босатылды

Алматының жергілікті полиция басшысы қызметінен босатылды

Алматы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Жасұлан Байкенов өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш берген.

  • 3 Тамыз 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласының жергілікті полиция қызметі басшысы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов рапорт беріп, қызметтен кетті.

Полиция ведомствосы атап өткендей, Байкенов жұмыстан кетуге өз еркімен шешім қабылдаған. Бұл қадамына не себеп болғанын ішкі істер департаменті хабарлаған жоқ.

Әлеуметтік желі қолданушылары өз пайымдауларымен бөлісіп, полиция басшысының бұл шешіміне танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасы түрткі болуы мүмкін дегенді алға тартады. Өйткені спортшының өлімінен кейін қала полициясы қатал сынға ұшырап, халық Алматы ішкі істер департаменті басшысы Серік Күдебаев пен ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың қызметтен кетуін талап еткен болатын.

Департамент баспасөз қызметі хабарлағандай, учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік полиция мен қоғамдық тәртіпті қадағалауға және қала көшелеріндегі қылмыстың алдын алуға жауапты басқа да бөлімдердің жұмысын қадағалау жергілікті полиция қызметінің құзырында.

Департамент мәліметінше, Жасұлан Байкенов Алматы полициясы қатарында 14 жыл қызмет еткен. Ал Алматы жергілікті полициясының басшысы болып 2016 жылдың қаңтарынан бері жұмыс атқарып келеді.


Бұдан бөлек, Алматы ІІД хабарлағандай, Алмалы ауданды ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі басшысы да лауазымынан айырылған екен. Серік Қумабеков қызметіндегі ағаттығы үшін жұмыстан шығарылыпты. Ауданның жергілікті полициясын басқарғанына бір жыл үш ай болған.

Оның да отставкаға кетуі Денис Теннің қазасымен байланысты болуы мүмкін, себебі қайғылы оқиға Алмалы ауданында Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысында болған еді.

 

Соңғы жаңалықтар