Алматы-Өскемен тас жолында болған жол апаты кезінде төрт адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-Өскемен тас жолында болған жол апаты кезінде төрт адам қаза тапты

Алматы-Өскемен тас жолында болған жол апаты кезінде төрт адам қаза тапты

Алматы облысында болған ірі жол апаты төрт адамның өмірін қиып кетті.

  • 18 Шiлде 2014
  • 722
Фото - Caravan.kz

Жарақат алған тағы бес адам ауруханаға жеткізілді.

Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға жұмаға қараған түні Алматы-Өскемен тас жолында болған. Бір-біріне қарсы бағытта келе жатқан қос жеңіл көлік қақтығысқан.

«Бастапқы болжам бойынша, жол апаты қарсы беткен шығып кеткен «Ниссан Х-Трайл» көлігінің жүргізушісінің кінәсінен болыпты», — делінген хабарламада.

Оқиға орнында төрт адам опат болды. Сарқан қаласының ауруханасына жеткізілген бес адамның екеуі кәмелетке толмаған.


Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.