Жарияланды: 520

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесіне қатысатын арғымақтар белгілі болды

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесіне қатысатын арғымақтар белгілі болды

6 қыркүйекте өтетін «Алтын тұлпар» аламан бәйгесіне қатысатын жүйріктер ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына өтінімдерін жолдап тізімделіп жатыр.

Атап айтқанда: Астанадан - 10, Ақмоладан - 1, Ақтөбеден - 1, Алматыдан - 10, Атыраудан - 2, Жамбылдан - 10, Қарағандыдан - 10, Қостанайдан - 10, Қызылордадан - 5, Маңғыстаудан - 11, Павлодардан - 5, Солтүстіктен - 1, Оңтүстіктен - 3, Шығыстан - 7 жүйрік қатысады деп күтілде, деп хабарлайды қауымдасттықтың баспасөз қызметінен.

Бұл жүйріктерді тұқым-түрге бөліп қарар болсақ: қазақы жылқы - 8, араб-ағылшын - 13, ағылшын - 13, ағылшын-қазақ - 3, Қостанай тұқымы - 10, араб жылқысы - 13, орыс тұқымы - 1, будан тұқым - 16, ағылшын-ахалтеке - 1, жабы -1.

Еске сала кетейік, биылғы «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жүлде қоры 23 млн теңгені құраса, бас жүлде 10 млн. теңге деп жоспарланып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін