Алжирлік ұшақ Нигер астанасының маңына құлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алжирлік ұшақ  Нигер астанасының маңына құлаған

Алжирлік ұшақ Нигер астанасының маңына құлаған

Бүгін бортында 100-ден аса адамы бар тағы бір ұшақ ізім-ғайым жоғалды. Алжирлік әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағын түс ауа диспетчерлер радардан таппай қалған. Қазір олармен байланысу мүмкін емес, төтенше жағдай жарияланып әуе кемесінің құлауы мүмкін аудандар тексерілуде.

  • 25 Шiлде 2014
  • 612
Фото - Caravan.kz


Бұл соңғы тәуліктердегі бірінші суыт хабар емес. Кеше ғана TransAsia Airways әуе компаниясының ұшағы Тайваньда апатқа ұшырады. Әуе көлігінде шыққан ақаудың салдарынан қонуға бет алған ұшақ тұрғынүйлердің арасына келіп құлаған. 54 жолаушы мен 4 эrипаж мүшесінің 48-і көз жұмды. Ал бүгін диспечерлердің радарынан жоғалған Air Algerie әуе компаниясының ұшағын табу әлі де мүмкін болмай жатыр. Әуе кемесінің бортында 116 адам болған. Алжирдің «Ән Нахар» газеті осы оқиғаға қатысты өз болжамын жария етіп үлгерді. Ондағылар ұшақ Нигер астанасы Ниамей маңында құлаған деп отыр.