«Америка аруы -2016» анықталды
![]() |
Джорджия штатының өкілі Бетти Кантрелл (Betty Cantrell) «Америка аруы- 2016» ұлттық сұлулық байқауының жеңімпазы атанды, |
деп хабарлады дүйсенбіде Ассошиэйтед Пресс агенттігі.
Финал Нью-Джерси штатындағы Атлантик-сити қаласында жексенбі күні кешке өтті.
Конкурста Кантрелл опера ариясын орындап, судьялардың жоғары бағасын алды, ол 51 қатысушының ішінде үздік нәтиже көрсетті.
"Америка аруының" алғашқы байқауы 1921 жылы өткен болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін