Америка киноакадемиясының құрамы «Оскар» үміткерлеріне қатысты дауға байланысты өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америка киноакадемиясының құрамы «Оскар» үміткерлеріне қатысты дауға байланысты өзгереді

Америка киноакадемиясының құрамы «Оскар» үміткерлеріне қатысты дауға байланысты өзгереді

Американың кино өнері академиясы құрамына «Оскар» сыйлығы номинациясы айналасында туындаған дау-дамайға байланысты елеулі өзгерістер енгізуді қолға алды. Бұған кино саласының белді өкілдерінің наразылығы әсер етіп отыр, өйткені сыйлықтан 20 үміткердің  ішінде бірде-бір қара нәсілді әртіс болмай шыққан.

  • 19 Қаңтар 2016
  • 232
Фото - Caravan.kz

Америка киноакадемиясының президенті  Шерил Бун Айзекс осындай мәлімдеме жасады.  

«Бұл күрделі әрі маңызды мәселе. Бәрін өзгертетін уақыт келді. Академия өз мүшелерінің құрамын өзгерту үшін түбегейлі қадам жасайтын болады», — деп хабарлады Айзекс.

«Оскар» сыйлығының иегерлері 28 ақпанда белгілі болады. 88-ші салтанатты рәсім «Долби» театрында өтеді. Оны әлемнің 225 еліне ABC  телекомпаниясы тікелей эфирде көрсетеді.