Анасын өлтіріп, мектепке барған: Талдықорғанда жантүршігерлік өлім - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анасын өлтіріп, мектепке барған: Талдықорғанда жантүршігерлік өлім

Анасын өлтіріп, мектепке барған: Талдықорғанда жантүршігерлік өлім

Талдықорғанда 17 жасар оқушы түн ішінде анасын тұншықтырып, таңертең сабағына кеткен. Кейін полицияға барып өзі ұсталған.

  • 3 Сәуiр 2018
  • 190
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

“Бала, ашық, тез тіл табысқыш. Жақсы тәрбиедегі балалармен дос болатын. Жақсы оқыды, суретті жақсы салатын. Мемктеп аралық редакция алқасының мүшесі, газет шығаруға көмектесетін. Жауапкершілігі өте мол. Бастаған ісін аяқтамай, үйіне кетпейтін”, -дейді № 5 мектеп директоры Гүлмира Ахметова.

17 жасар оқушы № 5 мектептің ең үздік оқушыларының бірі болған. Баладан ешкім мұндай әрекетті күтпеген. Ол түнде анасының ұйықтағанын күтіп, тұншықтырған. Кейін денесіне бірнеше жерден пышақ сұққан. Ертеңіне сабағына барып келіп, полицияға өзі ұсталған.

Үйде баласы мен анасы ғана тұрған. Өз ұлының қолынан қаза тақан 43 жастағы әйел медбике болып жұмыс істеген.

Жасөспірім ұсталып, оқшаулау бөлмесіне қамалды. Оның үстінен “Кісі өлімі” бойынша қылмыстық іс қозғалды.


“Өте белсенді, үнемі қуанып, күліп жүретін әйел еді. Ол ұлының ренжіткені немесе сөзге келісіп қалғаны туралы әңгіме айтпайтын. Оның жалғыз уайымы ұлының қайда оқуға түсетіні еді”, -дейді әйелдің құрбысы Елена Коленко.

Оқи отырыңыз:

Қызылорда облысында ұлы мүгедек-анасын өлтірді

Қостанайдағы оқушы өлімі: Күдікті анықталды

Қостанайда оқушы қызды анасы пышақтап тастады
Соңғы жаңалықтар