Анкарада Әлихан Бөкейханды еске алуға арналған ғылыми конференция өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анкарада Әлихан Бөкейханды еске алуға арналған ғылыми конференция өтті

Анкарада Әлихан Бөкейханды еске алуға арналған ғылыми конференция өтті

Түркия астанасы Анкара қаласында «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі, көрнекті мемлекет қайраткері, публицист Әлихан Бөкейханның ЮНЕСКО көлемінде атап өтетін 150 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың Әлиханы» атты халықаралық конференция өтті.

  • 5 Наурыз 2016
  • 826
Фото - Caravan.kz


Түркі академиясы халықаралық ұйымы Гази университеті, Түркияның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қолдауымен ұйымдастырған айтулы жиынға Қазақстан мен Түркияның мемлекет және қоғам қайраткерлері, Түркі әлемінің көрнекті шығыстанушы ғалымдары мен халықаралық ұйым жетекшілері қатысты. 

Конференцияның ашылу салтанатын Түркология зерттеу орталығының басшысы Хүлия Касапоғлұ, Гази университеті ректорының орынбасары Сервет Карабағы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті кеңес төрағасы Мұса Йылдыз және Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі құттықтау сөздерімен ашты.

Түркі академиясы  халықаралық ұйымының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстан, Түркия, Қырғызстаннан келген ғалымдар жалпы 3 секция бойынша Әлихан Бөкейхан және Түркі әлеміне қатысты баяндамалар оқиды деп күтілуде.
nullnullnullnullnull