Жарияланды: 640

Әнші Гүлнұр Оразымбетова өзіне "топас" деп ауыр сөз айтқандарға жауап берді

Әнші Гүлнұр Оразымбетова өзіне "топас" деп ауыр сөз айтқандарға жауап берді Сурет - youtube.com

Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова соңғы жылдары Qazaqstan телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасына жетекшілік етті. Дегенмен әншінің басшылық қызметте болғаны көпшілікке ұнамаған секілді. Тіпті оған әлеуметтік желіде ауыр сөз айтатындар да табылып жатыр.

Бұл туралы әншінің өзі Instagram-парақшасына жазып, өзін «топас» дегендерге жауап берді.

«Мен бүгін өз парақшамнан бір оқырманымның «Маған осы кісі «Топас» сияқты көрінеді» деген пікірін оқыдым... Қалай ойласам да, қалай ойлансам да өзімді «топастардың» қатарынан көре алмадым... Ойлап қоям, топас болсам мектепті үздік аттестатпен, жоғарғы оқу орындарын «қызыл дипломмен» бітірер ме едім? Соңымнан ерген бауырларыма қамқор болып, ата-анамның батасын алып, үлкен әулеттің келіні болып, алтындай 2 ұлдың анасы атанып, менің әндерімді жақсы көріп тыңдайтын xалқымның сүйікті әншісі болып жүрмейтін едім ғой?

Қиындыққа мойымай, алға ұмтылғанымның, үлкенді «аға», «апа» деп құрметтеп, кішіні «іні», «сіңлім» деп басынан сипап ізет көрсеткенімнің жемісі деп ойлаймын. Осы пікірді жазған азаматқа айтарым: Өз өміріңізге ризасыз ба? Осы уақытқа дейін қандай жетістіктерге жеттіңіз? Бір сәт ой елегінен өткізіңізші бәрін? Әр адамның бойынан "мін" іздеймін деп уақытыңыздың қалай өтіп кеткенін байқамай қалмаңыз! Өмірдің қамшының сабындай қысқа екенін ұмытпағайсыз!», – деп жауап жазды әнші.

Оқи отырыңыз:

Жетісайлық футболшы матч кезінде кіші дәрет сындырды
Қарағандыда екі жасар бүлдіршіннің тісін емдемек болған анестезиолог ауруды басатын екпенің орнына психотропты дәрі салға
Шыңжаңда қамауға алынған қазақтар мәселесіне АҚШ араласты
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін