Антарктидада алғаш рет жеміс-жидек өсірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Антарктидада алғаш рет жеміс-жидек өсірілді

Антарктидада алғаш рет жеміс-жидек өсірілді

Қытайлық дәрігер Антарктидада алғаш рет жеміс-жидек өсірді. Бұл жаңалықты Антарктиданы зерттеу жөнінен Қытай мемлекеттік орталығының ғалымы Юй Ваньсянь мәлім етт

  • 2 Наурыз 2016
  • 365
Фото - Caravan.kz


Оның айтуынша, елдің Цзянси провинциясынан шығып, қытайлық экспедиция құрамында мұзды құрлыққа келген Ван Чжэн атты дәрігер қарап отырмай, мұнда жеміс-жидек өсіріп шығарыпты. Енді осының арқасында экспедиция мүшелері жеміс-жидекпен де тамақтанатын болады, деп хабарлайды 24.kz. Мұзды құрлыққа тамақ тек сырттан жеткізілетін болғандықтан жеміс-жидек пен көкөніс атаулының бәрі мұнда тапшы және жеңсік ас болып саналады. Сондай-ақ суық ауа райына байланысты мұнда әдеттегідей үш емес, күніне 4-5 рет тамақтану керек екен.  Енді Ван Чжэн өсірген жеміс-жидек пен көкөніс мұндағы қытайлық экспедицияның Антарктидада бұрынғыдан ұзағырақ уақытқа қалып, «азық-түлік таусылып қалады» деп алаңдамастан жұмысын жалғастыруына жол ашады, деп жазады cri.cn.