«Алдын ала ақпарат бойынша, апатқа ұшыраған Boeing 777 ұшағының бортында қазақстандықтар болған жоқ. Қосымша мәліметтер нақтылануда», — деп мәлімдеді Н. Айтмаханов.
Бұған дейін хабарланғандай, Украина аумағында Ресей шекарасына таяу жерде малайзиялық әуежелілердің Boeing 777 ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында 283 жолаушы болған. Олардың бәрі де қазаға ұшырады. Сондай-ақ экипаждың 15 мүшесінің де мерт болғаны хабарланды.