«Ақ жол» партиясының кезектен тыс съезі 3 ақпан күні өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақ жол» партиясының кезектен тыс съезі 3 ақпан күні өтеді

«Ақ жол» партиясының кезектен тыс съезі 3 ақпан күні өтеді

"Ақ жол" партиясының кезектен тыс съезі 3 ақпан күні өтеді. Бұл туралы бүгін аталған партияның төрағасы Азат Перуашев мәлім етті.

  • 22 Қаңтар 2016
  • 473
Фото - Caravan.kz

«Меніңше кез келген партия әрдайым сайлауға дайын болуы қажет. Себебі саяси партия үшін ең бірінші міндет — сайлауға қатысу. Әрине, қазіргі Кезде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттардың сайлауына партиямызды дайындау жұмыстары жүргізілуде», — деді ол.

А.Перуашевтің атап өтуінше, бүгінгі күні партияның орталық аппараты мен облыстардағы филаларды штаб ретінде өз жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі уақытта партия атынан сайлауға түсетін үміткерлердің тізімін бекіту жұмыстары жүргізілуде.

«Партия төралқасы отырысында біз сайлауға қатысу туралы шешім қабылдадық. Бірақ оны еліміздің заңына сәйкес басқарушы орган ретінде партия съезі шешіуі қажет. Съезімізді 3 ақпанға белгілеп отырмыз. Мұндай шешім кеше кешкісін ғана қабылданды», — деді «Ақ жол» партиясының төрағасы.