"Ақ жол"депутаты БЖЗҚ монополиясынан бас тартуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақ жол"депутаты БЖЗҚ монополиясынан бас тартуды ұсынды

"Ақ жол"депутаты БЖЗҚ монополиясынан бас тартуды ұсынды

Парламент депутаттары Бірыңғай жинақтық зейнетақылық қоры төңірегіндегі ахуалға алаңдаушылық білдірді.

  • 18 Қаңтар 2017
  • 400
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбі күні мәжілістің жалпы отырысы барысында "Ақ жол" партиясы атынан мәжіліс депутаты Дания Еспаева премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевқа сұрату бағыттады, деп хабарлайды sputniknews.kz.

"Тергеудің мән-жайына үңілместен, біздің фракция Ұлттық банктің БЖЗҚ туралы түсініктемесімен түбегейлі келіспейтіндігін жеткізеді. Ол түсініктеме бойынша, аты шулы 5 миллиардтық келісімдерге сәйкес БЖЗҚ зейнетақы ақшасын емес, өз қаражатын пайдаланған", — деді Еспаева.

Оның сөзіне сүйенсек, БЖЗҚ-ның жеке қаражаттары жоқ, қордағы қаржы ресурстарының бәрі миллиондаған азаматтардың басқаруға сеніп тапсырған зейнетақылық жинағы немесе осы жинақтардан түскен инвестициялық кіріс.

"Ақжол" депутаттық фракциясы БЖЗҚ монополиясынан бас тарту мәселесін қарастыруды сұрап, зейнетақы қорларының қызметіне бірнеше тәуелсіз қатысушылардың араласуын енгізуді ұсынады. Олар салымшыларға нарықтық бәсекелестікке сәйкес және мемлекет пен үкіметтің қатаң қадағалауымен таңдау мүмкіндігін берер еді", — деп қорытты Еспаева.


 

Соңғы жаңалықтар