Жарияланды: 410

Ақмола облысынан сенаторлыққа Светлана Жалмағамбетова басым дауыспен сайланды

Құпия дауыс беру нәтижесінде Ақмола облысынан сенаторлыққа Светлана Жалмағамбетова басым дауыспен сайланды. Ол бұған дейін депутаттық мандатынан айрылған адамның орнын басты. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясынан таратылған хабарламада айтылған.

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына жүгінсек, дауыс беруге 256 сайлаушының 255-і немесе 96,2 проценті қатысқан. 2 дауыс беру бюллетені күшін жойды деп танылды. Ал сайлаушылар арасынан 15 адам кандидаттардың барлығына бірдей қарсылық білдірген. Алдын-ала мәлімет бойынша, С.Жалмағамбетованың кандидатурасы үшін сайлаушылардың 238-і немесе 93,3 проценті дауыс берген. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 55 жастағы С.Жалмағамбетованың атын Ерейментау, Шортанды және Қорғалжың аудандық мәслихаттары ұсынған болатын. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес сайлау Ақмола облысындағы барлық мәслихаттардың атынан қатысқан сайлаушылардың бірлескен отырысында өткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін