Ақмола облысында аудандық ІІБ-нің тергеушісі жол апатынан мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында аудандық ІІБ-нің тергеушісі жол апатынан мерт болды

Ақмола облысында аудандық ІІБ-нің тергеушісі жол апатынан мерт болды

 Ақмола облысының Бурабай аудандық ІІБ қызметкері жол апатынан мерт болды.

  • 20 Наурыз 2015
  • 577
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "ҚазАқпарат" тілшісіне құқық қорғау қызметкерлерімен хабарласқанында белгілі болды.

Есімін атауды жөн көрмеген полиция қызметкерінің айтуынша, мерт болған полиция қызметкері Бурабай аудандық ІІБ-інде тергеуші болып жұмыс істеген. 

Қайғылы оқиға бүгін таңертең болған. Көлігімен қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан 23 жасар полиция тергеушісі Щучье қаласынан шыға берістегі полиция бекетіне соғылып, мерт болған.

Қазіргі кезде оқиғаның себебі анықталуда.