Ақмола облысында жаяу адамды қағып кетіп, ізін суытқан жүргізуші қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында жаяу адамды қағып кетіп, ізін суытқан жүргізуші қолға түсті

Ақмола облысында жаяу адамды қағып кетіп, ізін суытқан жүргізуші қолға түсті

 Ақмола облысында жаяуды соғып, ізін суытқан көлік жүргізушісі қолға түсті.

  • 17 Наурыз 2015
  • 409
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, қайғылы жағдай «Көкшетау-Астана» тас жолының бойында Шортанды кентінің маңында орын алған. Қатты жылдамдықпен келе жатқан «Рено» жеңіл көлігінің жүргізушісі жаяу  келе жатқан адамды қағып кеткен. Артынша, зардап шегушіге көмек көрсетудің орнына, оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.

Жедел іздестіру шарасы барысында Ақкөл қаласының тұрғыны қолға түсіп, оның үстінен ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлімі «жол қозғалысы ережесін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал зардап шегуші болса, медициналық көмек көрсету үшін аудандық ауруханаға жеткізілді.