«Жол апаты «Жақсы-Есіл-Бұзылық» тас жолының 14 шақырымында орын алды. Атбасар қаласына қарай бет алған «Мерседес-Бенс-Спринтер» көлігі «Лада-Приора» көлігіне соғылған.
Салдарынан соңғы көліктің жүргізушісі оқиға орнында ажал құшты. Сондай-ақ, оның жолаушысы әйел адам Жақсы аудандық ауруханасында ес жимастан көз жұмды.
Ал, «Мерседес-Бенс-Спринтер» көлігінің 41 жастағы жүргізушісі дәрігерлердің қарауынан кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.
Қазіргі кезде, ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», деп көрсетілген хабарламада.