Жарияланды: 390

Ақмола облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, үш адам жараланды

Ақмола облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, үш адам жараланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен. Жол апаты Астана-Петропавл тас жолының 74-ші шақырымында болды. Екі "Жигули" автокөлігі соқтығысып қалған. Апат салдарынан екі көліктің де жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында мерт болып, тағы үш адам әртүрлі жарақаттармен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін