Ақордаға Құлыбаев пен Мырзахметов шақыртылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақордаға Құлыбаев пен Мырзахметов шақыртылды

Ақордаға Құлыбаев пен Мырзахметов шақыртылды

Мораторий аяқталса да, орта шағын бизнес президенттің бақылауында болады. Бүгін тексеруші органдарға Нұрсұлтан Назарбаев кезекті рет осындай ескерту жасады.

  • 19 Қараша 2014
  • 303
Фото - Caravan.kz

Тіпті онысын дәлелдеу үшін жұмыс кабинетіне кәсіпкерлердің мүддесін қорғап жүрген жауаптыларды шақыртып алды. Ақордада мемлекет басшысы Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев пен оның орынбасары Абылай Мырзахметовты қабылдады. Елбасы шағын бизнесті тексеруге жарияланған мораторийдің келер жылы аяқталатынын еске салды. Бірақ, шектеу аяқтала сала құзырлы органдардың кәсіпкерлерге қайта шүйлікпеуін қадағалауды мықтап тапсырды.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Биыл бизнесті тексеруге жарияланған мораторий аяқталады. Ал 1-қаңтардан Еуразиялық экономикалық Одақ жұмысын бастайды. Сондықтан біздің кәсіпкерлер бәсекелестікке төтеп беруі тиіс. Себебі жаңа талаппен жұмыс істейтін болады.