АҚШ делегациясы Қазақстан шекарасында радиациялық бақылау жүйесін орнаты мәселесін зерттеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ делегациясы Қазақстан шекарасында радиациялық бақылау жүйесін орнаты мәселесін зерттеді

АҚШ делегациясы Қазақстан шекарасында радиациялық бақылау жүйесін орнаты мәселесін зерттеді

Актау. 11 желтоқсан. "Қазақстан-Бүгін" - Қазақстан шекарасында радиациялық бақылау жүйесін орнату мәселесін зерттеу үшін АҚШ энергетика министрлігі Маңғыстау облысына ат басын бұрды. Бұл жөнінде агенттік тілшісіне, Маңғыстау облысының кедендік бақылау департаментінде хабарлады.

  • 11 Желтоқсан 2007
  • 554
Фото - Caravan.kz

«АҚШ -тың энергетика министрлігі мен ҚР қаржы министрлігінің кедендің бақылау комитеті арасында, шекарада заңсыз ядролық және радиоактивті заттарды тасымалдаудың алдын алу және бақылау қарым-қатынастары жөнінде атқарушы келісімге қол қойылды. Ол бойынша, Қазақстан шекарасының бойында радиациялық бақылау жүйесін орнату көзделген», — деп хабарлады департаменттегілер.

Департаментте атап өткеніндей, топтың келу мақсаты — жолаушылар, темір-жол, көлікке арналған «Янтарь» сияқты радиациялық бақылау жүйесін орнату жөнінде конструктивті шешімді қабылдап, инженерлік және коммуникациялық жұмыстарды жүргізу.

Осыған орай, АҚШ энергетика министрі Түркіменстан шекарасымен шектесіп жатқан, теңіз, әуе порттарында орналасқан кедендік бекеттерге барып қайтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті