Жарияланды: 480

АҚШ елшісі Ақ үй Қазақстанды лаңкестерді еркіне жіберген ел ретінде қарастырмайды деп ақталды

АҚШ Үкіметі Қазақстанды лаңкестерді еркіне жіберген ел ретінде қарастырмайды. Бүгін олардың елшілігі Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің кешегі оқыс қылығын ақтауға тырысты.

Еске сала кетсек, аталмыш ведомство біздің азаматтарды экстремизмге бейім деп, елімізді Солтүстік Корея, Ауғанстан мен Ирак сияқты мемлекеттермен қатар қара тізімге қосқан. Енді бұл елдің көші-қон қызметі қазақстандықтарды қатаң тексеретін болады. Мұхиттің ар жағында қауіпсіздікке жауаптылар бұл қадамдарының себебін әлі дәйектеп түсіндірмей отыр. Бүгін АҚШ елшілігі Обама әкімшілігінің осы әрекетін жуып-шаюға тырысқандай арнайы мәлімдеме таратты. Онда, Вашингтон “Қазақстанды лаңкестікке қарсы күресте өзінің стратегиялық әріптесі деп санайды және болашақта екі жақты қатынастың одан әрі дамуына сенім артады” деп көрсетіпті. Бірақ сол қара тізім жайында жақ ашпаған. Ресми Астана қалыптасқан түсініспеушілікті жою үшін АҚШ тарапының нақты іс-шараларды қолға алуын күтеді.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін