АҚШ пен Куба арасында телефон байланысы орнады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ пен Куба арасында телефон байланысы орнады

АҚШ пен Куба арасында телефон байланысы орнады

Араға 15 жыл салып, АҚШ пен Куба арасында телефон байланысы орнады, деп хабарлайды Би-би-си.

  • 12 Наурыз 2015
  • 272
Фото - Caravan.kz

Кубаның мемлекеттік телекоммуникация компаниясының мәліметінше, желі әуеліде тек телефон байланысы үшін қолданылады. Вашингтондық тарап болса, кейінірек жоғары жылдамдықты интернет желісінің орнайтынына сенімді.

Бұған дейін АҚШ-қа телефон қоңырауы үшінші әлем елдері арқылы жүзеге асып келген. Бұл өз кезегінде қоңырау құнын қымбаттатып жіберетін.

Бір айта кетерлігі, бұл өткен желтоқсан айында екіжақты дипломатиялық қатынасты қалпына келтіру туралы жоспар бекітілгеннен кейін жасалып отырған алғашқы келісім.