АҚШ президенті Джордж Буш мемлекет басшысын Құрбан айт мейрамына байланысты құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ президенті Джордж Буш мемлекет басшысын Құрбан айт мейрамына байланысты құттықтады

АҚШ президенті Джордж Буш мемлекет басшысын Құрбан айт мейрамына байланысты құттықтады

Астана. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Америка Құрама Штаттарының президенті Джордж Буштың Құрбан айт мейрамына байланысты құттықтауы келіп түсті, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Желтоқсан 2007
  • 483
Фото - Caravan.kz

«Қасиетті әрі ұлық мейрам — Құрбан айтқа байланысты менің игі тілектерімді қабыл алыңыз. Мен осы ізгі мейрам рухында біз күллі әлемде еркіндік пен бейбітшілікке бірге қол жеткізе алатынымызға үміттенемін. Сізге және Қазақстан халқына алдағы жылы мол игіліктердің қуанышына кенелуді тілеймін», — делінген жолдаухатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті