Жарияланды: 420

АҚШ сенаторы Ричард Лугар ресми сапармен Қазақстанға келеді

17-18-тамызда АҚШ сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Ричард Лугар Алматыға ресми сапармен келгелі отыр. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігінен таратқан хабарламада айтылған.

Сапар барысында сенатор ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен, энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьникпен кездеседі. Бұл кездесулерде бірқатар екі және көп жақты ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде қару-жарақ таратпау және оны бақылау мәселесі талқыланады деп межеленген. АҚШ пен бұрынғы Кеңестік Республикалар арасындағы Өзара қауіп-қатерді азайту жөніндегі бірлескен бағдарлама бойынша ынтымақтастықтың іргетасын қалаған заңның жобасы 1992-жылы сенаторлар Р.Лугар мен С.Нанның бастамасымен жасалған болатын. Қазір бұл бағдарлама Нанн-Лугар бағдарламасы деген атаумен белгілі. Нанн-Лугар бағдарламасы мен қару таратпау жөніндегі АҚШ-тың басқа да бағдарламалары аясында 1992-жылдан бері Қазақстан 185 млн. доллар алды. АҚШ өкілдері Қазақстанмен қатар Ресей, Түркия, Германия және Өзбекстанда болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть