Жарияланды: 780

АҚШ және Дүниежүзілік банк EXPO-2017 қатысатындықтарын растады

АҚШ және Дүниежүзілік банк EXPO-2017 қатысатындықтарын растады

Америка Құрама Штаттары Астана қаласында өтетін халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысатындарын растады,

   деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметінен.
Дүйсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, алдағы көрме мәселелері "ЭКСПО-2017" комиссары, Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рапиль Жошыбаев бастап барған қазақстандық делегацияның АҚШ-қа сапары барысында талқыланған.
АҚШ президентінің арнайы көмекшісі, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей мен Орталық Азия бойынша директоры Селеста Уолландер Вашингтонда келіссөздер барысында АҚШ үкіметі мен ірі компанияларға алдағы көрме барысын талқылауға мүмкіндік берген қазақстандық делегация сапарының маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар "ЭКСПО-2017"-ға қатысатындықтарын Дүниежүзілік банк растады. Бұл туралы қазақстандық делегацияға  ДБ вице-президенті Илланго Патчамуту мәлімдеп, ресми шешімнің қабылданғандығы туралы хат тапсырды.
ЭКСПО-2017 Астанада 10- маусым мен 10 -қыркүйек арасында өтпек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін