Анықталғандай, медициналық бетперде киген екі азамат есепшіні ұрып, шамамен 17 млн теңге көлемінде қаражатты қолды қылған, деп хабарлайды қалалық 1720.kz. ақпараттық порталы.
«Медициналық бетперде киген екі азамат ақша айырбастау пунктінің кассирін бірнеше рет ұрып, әр түрлі валютадағы ақшаларды алып кеткен. Зардап шегуші кассирге жедел медициналық көмек көрсетілді. Қылмыскерлерді ұстау мақсатында қалада қосымша полиция жасақтары құрылды», — деді Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев.
Ал, ақша айырбастау пунктінің иесі «31 арнаға» берген мәліметінде тоналған ақша көлемін білетіндігін және оны жариялап айтпайтындығын айтқан. Сондай-ақ, тонау фактісі болған сәтте мекемедегі бейнекамералар жұмыс істемей тұрған.