Жарияланды: 400

Ақша, зергерлік бұйымдарға толы сөмкені ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Ақша, зергерлік бұйымдарға толы сөмкені ұрлап кеткен күдікті ұсталды

 Ақмола облысының Бурабай аудандық ІІБ қызметкерлері ақша және зергерлік бұйымдарға толы сөмкені ұрлап кеткен күдіктіні ұстады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. 

Полицейлердің мәліметі бойынша, Бурабай ауданында 57 жастағы әйелдің үйіне ұры түсіп, барлығы 2,2 миллион теңгенің зергерлік бұйымдары, ұялы телефон және ақша салынған сөмкесін қолды қылған. Жедел-іздестіру шарасы барысында полицейлер күдікті, жергілікті 23 жастағы жігітті қолға түсірді.

«Күдікті бұрын сотты болмаған және өзінің жасаған қылмысын мойындап, түсініктеме берді. Қазіргі кезде, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлімі бойынша, «аса ірі көлемде ұрлық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», дейді полицейлер. 

Заңда аталған бап бойынша қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін соттау жазасы қарастырылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін