Жарияланды: 440

АҚШ-та 11 қыркүйек оқиғасына қатысты шарада жарылыс жасамақ болған адам ұсталды

АҚШ-та 11 қыркүйек оқиғасына қатысты шарада жарылыс жасамақ болған адам ұсталды

Ньюй-Йоркте 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасын еске алуға байланысты шарада жарылыс жасамақ болды деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі. 

Әділет департаментінің ақпаратынша, Флорида штатының тұрғыны Джош Голдберг ғаламтор арқылы үшінші тұлғамен байланысқа шығып, жарылғыш зат жасаудың әдісін алған. Алайда, Голдбергтің виртуалды «жолдасы» Федералды тергеу бюросының (ФТБ) ақпаратшысы болып шыққан.

Голдберг Миссури штаты Канзас-Ситиде, 11 қыркүйек оқиғасының 14 жылдығын еске алуға арналған шарада жарылыс жасауды жоспарлаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін