Жарияланды: 260

Ақтау әуежайы қоршауға алынып, жолаушылар эвакуацияланды

Ақтау әуежайы қоршауға алынып, жолаушылар эвакуацияланды

Әуежайда болған оқиға куәгерлері күдікті зат туралы хабарлама түскені туралы өз болжамдарын айтады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтау әуежайының қоршауға алынуына байланысты ресми ақпарат жоқ. Ал куәгерлердің айтуынша, ұшақ жолаушысының бірі күдікті пакетпен ұсталған.

Ақтау халықаралық әуежайында болған оқиғаның видеосын куәгерлер Уoutube желісінде жариялады. Ол жерден ғимарат сыртына эвакуцияланған қарақұрым халықты көруге болады.

Сондай-ақ, тағы бір видеода ұшақ ішінде отырған жолаушылар көрінеді.

5 сәуірде болған оқиғаның куәгерлері күдікті зат туралы хабарлама түскені туралы өз болжамдарын алға тартады. Сондай-ақ, тағы бір куәгерлер ұшақ жолаушысынан ауру анықталғанын айтады.

"Шымкенттен ұшып келген FlyArystan ұшағында коронавируспен сырқаттанған ауыр науқас болды. Ұшақ жолаушылары бір сағатқа жуық сыртқа шығарылған жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен өзге де органдардың өкілдерін күтіп тұрды. Мұндай әрекет жолаушылардың шамына тиді", – дейді куәгерлердің бірі.

Бұл жағдайға қатысты құзыретті мекемелер әлі ресми түсініктеме берген жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін