Жарияланды: 440

Ақтау теңіз айлағында 2003-жылдың алғашқы жартысында 3 млн. тоннадан астам жүк тасымалданды

"Ақтау теңіз сауда айлағы" РМК 2003-жылдың алғашқы жартысында 3 млн. 774 мың 732 тонна жүк тасымалдады. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 14 процентке артық. 2002-жылдың алғашқы жартысында 2 млн. 831 мың 946 тонна жүк тасымалданған болатын. Бұл туралы Республикалық мемлекеттік Кәсіпорынның маркетинг бөлімінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Соның ішінде 3 млн. 227 мың 637 тонна мұнай және мұнай өнімдері тасымалданды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2003-жылдың алғашқы жартысында мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау ауқымы 24 процент артты (2 млн. 294 мың 215 тонна) . Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында теңіз айлағында 547 мың 95 тонна құрғақ жүк тасымалданды. 2002-жылдың осы мерзімінде 537 мың 731 тонна осындай жүк тасымалданған болатын. Өсім 24 процентті құрады. 2003-жылдың алғашқы жартысында пароммен тасымалданған жүк көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 94 процентті құрады. Паром арқылы 21 мың 610 тонна жүк импортталып, 129 мың 935 тонна жүк экспортқа шығарылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть