Ақтауда көктайғақ салдарынан жарақат алғандар көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда көктайғақ салдарынан жарақат алғандар көбейді

Ақтауда көктайғақ салдарынан жарақат алғандар көбейді

Ақтауда көктайғақтың салдарынан жарақат алғандар көбейді. Облыстық аурухананың қабылдау бөліміне соңғы 3 тәулікте 120-дан астам адам келіп түскен.

  • 15 Желтоқсан 2023
  • 7
Фото - Caravan.kz

Соның 12-сіне шұғыл операция жасалды. Қазір науқастар нейрохирургия және травматология бөлімшелерінде ем қабылдап жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Олардың арасында қол-аяғы сынған балаларда бар.

"Келген науқастардың 60 пайыздан көбі әйелдер десек те болады. Оның ішінде 40 жастан асқандар. Білезік, қолының жарақаты, тобықтың жарақаты, сондай-ақ тізе-буын жарақатымен келіп жатыр. Науқастарға айтарымыз, қар жауғанда жарақат алған кезде бірден ауруханаға келіп, алғашқы көмек алуға тырысу керек. Өйткені көбі сынықшыға барып, жүріп қалады. Уақыт өткізбей тез қаралуы сұралады."Бердібек Қаныхан, облыстық аурухананың травматолог-дәрігері